Елімізде
«Суицид жасамақ болды». Тәртіп сақшысы өзенге секірген жасөпірімді құтқарды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 маусым, 2024
- 481
13 жастағы қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
Ақтөбеде учаскелік инспектор өзенге секірген жасөспірім қызды құтқарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғаны туралы полицияға хабарланған. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілген.
Абырой болғанда учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен аман-сау құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.
"Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтауда. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметі