сенбі, 28 желтоқсан, 2024 16:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Болашақтағы былық»: журналистер неге сот жағалап, жылап жүр

«Болашақтағы былық»: журналистер неге сот жағалап, жылап жүр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгін Астана сотында даулы мәселеге қатысты азаматтық іс апелляциялық сатыда қаралды

Елімізге белгілі диктор Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева әділдік іздеп жүр. Олар 2016 жылы экс-әріптесі Валерия Гавриленкоға «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуіне кепіл болған. Алайда  2021 жылы Гавриленко кепілге қойған екі пәтерін кепілден шығарған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бүгінгі сотта Мақпал Дәрібаева тиісті органдар тексеру жүргізіп, сол кезде жұмыс істеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрады. 

«Біздің үш талабымыз бар. Біріншісі, кепілдіктен заңсыз шығарылған екі пәтер қайтарылсын. Екіншісі, лауазымын асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол берген шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылсын. Үшіншісі, Лондонда бюджеттің ақшасына тегін оқып, шетелге қашып кеткен Гавриленко Валерия елге қайтарылсын»,-деді ол. 

Сондай-ақ, журналист заңсыз кепілден шығарылған екі үйдің бағасы 26 млн теңгені құрағанын айтып, Гавриленконың 1,3 млн теңге төлегенін, содан қалған 1,5 млн теңгені әріптесі Наталья Воробьева екеуі бөліп төлеуге келісетінін жеткізді.

Сонымен қатар Мақпал Дәрібаева Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Валерия Гавриленко екеуінің арасында жасалған келісімшартқа күмәнмен қарайтынын алға тартты.  Министр осыдан бірнеше күн бұрын Валерия Гавриленко кінәсін толыққанды мойындап, екіжақты келісімшартқа қол қойылғанын және келісімшарт негізінде ол бүкіл ақшаны қайтаруға жауапкершілік алғанын мәлімдеген еді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар