жұма, 22 қараша, 2024 20:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавирус жастар үшін қаншалықты қауіпті?

Коронавирус жастар үшін қаншалықты қауіпті?
ашық дереккөзі
Коронавирус жастар үшін қаншалықты қауіпті?
Созылмалы шаршаңдық пен бұлшықет әлсіздігінен басқа, коронавирустан сауыққан жастар үшін басты қауіп – психологиялық проблемалар.
Итальяндық дәрігерлердің пікірінше, жастар арасында психологиялық проблемалар КВИ-ді өмірдегі денсаулыққа алғашқы ауыр соққы ретінде қабылдануына байланысты туындауы мүмкін. «Егер қарт адам созылмалы аурулармен өмір сүре берсе, жастар өздерінің нәзіктігін түсінеді. Олар ауруды өмірге қауіп төндіреді деп ойламайды», - дейді мамандар. 20 мен 40 жас арасындағы жастарда індетті жұқтырғаннан кейін эмоционалды әсер пайда болады, ағзаның әрбір белгілері көпмәртелі көлемде сезіледі. Физикалық бұзылулардан басқа, мазасыздық, көңіл-күйдің өзгеруі және ұйқысыздықты қамтитын психологиялық синдромдарды сауығып шыққан адамдардың шамамен үштен бірі сезінеді екен. Британдық және канадалық ғалымдар тобы COVID-19 ауыр неврологиялық асқынуларға, оның ішінде мидың қабынуына әкелуі мүмкін екендігін анықтаған. Коронавирустың адам денсаулығына ауыр зардаптарын тигізетіндігін, тіпті өлімге әкелетіндігін қазақстандық ғалымдар да атап өтуде.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар