сәрсенбі, 23 шілде, 2025 21:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінен ресми шақырту алды

Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінен ресми шақырту алды
Фото: instagram.com/sultankyzy
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлемге әйгілі Оксфорд университетінен ресми шақырту алды.

Бұл ақпаратты Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінің BIRSoz ұйымынан шақырту алдым. Бұл бастама – Түркі және Орталық Азия елдерімен мәдени, тілдік, ғылыми байланысты дамытуға бағытталған. Осы жылдың күзінде үш айға кетемін. Бұйырса, шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын арттырып, дәрежесін көтеруге атсалысамын. Арнайы Speaking Club ашу да ойымда бар, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, BIRSoz – Оксфорд университетіндегі қоғамдық бастама. Жоба Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен меморандум аясында іске асырылған. Оның басты мақсаты – қазақ тілін халықаралық ғылыми ортада жүйелі зерттеу және насихаттау.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар