Ұлытауда бір үйдің үш жетім баласын асырап алғандар оларға бес жыл бойы көрмегенді көрсеткен
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2024
- 789
Ұлытау облысында бір үйдің үш баласын асырап алған адамдар оларды қаланың шетінде фермасында «құлдықта» ұстаған. Солай бола тұра үш баланы асырап алғаны үшін бес жыл бойы жәрдемақы алып келген. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Олардың қиын тағдыры туралы құзырлы орган арада бес жыл өткенде бірақ-ақ білген. Прокуратура мен қамқоршылық тобы 2018 жылы балалар үйінен бір отбасынан шыққан үш жетімді асырап алған отбасының фермасына барып, шошыған.
«Бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі үйір жылқы мен18 сиыр бар», - дейді Динара Зәкиева.
Оның айтуынша, фермаға барған комиссия мүшелері балалардың тағдырын көріп шошыған. Денелері көгерген, өздері жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық.
«Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген. Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде “оқиды”. Органдар оқу орындарын тексерсе, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырған екен. Қамқоршы қыз баланы жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан. Белгілі болғандай, бұл қамқоршы жақында патронатқа алуға болатын басқа да балалар бар ма деп сұрастырған екен», - дейді Зәкиева.
Қазір асырап алған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, үш бала қауіпсіз жерге орнаоасқан. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали балаларға қолайлы жағдай жасап, көмек көрсететінін, енді олардың тағдырын жеке бақылауға алатынын айтқан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024