жексенбі, 26 мамыр, 2024 14:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленетіні белгілі болды

Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленетіні белгілі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ұстаздар 56 күндік еңбек демалысына шығатыны белгілі

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мұғалімдердің еңбек демалысының төлемі қалай есептелетінін түсіндірді,-деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

BAQ.KZ сайтының тілшісі ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаевадан мұғалімдердің еңбек демалысының төлемі қалай есептелетінін сұраған.

"Мұғалімдердің еңбек ақысы Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Осы ретте еңбек ақысы мен еңбек демалысының төлемі мұғалімнің жүктемесіне, біліктілік санатына және еңбек өтіліне байланысты болады. Осы жиынтық бойынша оның жалақысы мен демалыс ақысы есептеледі. Бұл сұрақтар тарифке байланысты жеке-дара есептеледі", - деп түсіндірді вице-министр брифингте.

Сондай-ақ  Наталья Жұмаділдаева мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына шығатынын, ал  экологиялық апатқа жататын өңірдегі мұғалімдер 65 және 66 күн демала алатынын айтқан.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар