бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мейірімге зәру адамдарға көмектескен ұнайды». Жамбылдық тұрғын қарттар үйіндегі қарияларға ауызашар берді

«Мейірімге зәру адамдарға көмектескен ұнайды». Жамбылдық тұрғын қарттар үйіндегі қарияларға ауызашар берді
Сурет: jambylinfo.kz
Ол өз үйінде қамкөңіл кісілерге дастарқан жайды

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылының тұрғыны Алтынкүл Казимова қасиетті айда қарттар үйіндегі қамкөңіл кісілерге өз шаңырағында дастарқан жайып, ауызашар берді. Жамбыл тұрғыны мұндай шараларды жиі ұйымдастырады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

4 балалы ана Алтынкүл Казимова жұбайы Хабиб Исмаилов екеуі №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қарияларына дастарқан жайды. Ауызашарға тек қарттар үйінің тұрғындары ғана емес, қамкөңіл жандарға қолайлы болу үшін Исмаиловтар әулетінің мүшелері де шақырылған. Мұндай көріністі көру, мейірімге зәру жандарға бақыт сыйлау қайырымды отбасының ұнамды ісі екен.

Осы қарттар үйінің қарияларына ауызашар беруді көптен бері ойлап, көңілге түйіп жүргенмін. Өзім жақсылық жасап, мейірімге зәру жандарға көмектескім келеді. Қандай да бір пайдамды тигізсем, қол ұшымды берсем, қуанамын. Осының жөні бүгін келді.  Бұл іске жолдасым қолдау білдірді,-дейді Алтынкүл Казимова

Жиырма адамға жуық кісіге қасиетті айда қамқорлық жасаған қайырымды жанның бұл бірінші игі ісі емес. Өзі қызмет жасайтын сән салонына бұған дейін де мейірімге мұқтаж адамдарды апарып бетін әрлеп, көңіліне мейірім сәулесін төккен.

Алтынкүл әпкеге зор алғысымды білдіремін. Бірде сән салонына тегін апарып, бет жүзімізді әрлеп,  тырнағымызды бояп, сұлуландырып берген еді. Енді міне дастархан жайып, ауызашар беріп отыр. Осы шаңыраққа Алланың нұры жаусын,- деді алғысын білдірген Ақбота Еркінбекова.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар