Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі жазушы Болат Үмбетәліұлы 62 жасына қараған шақта дүниеден қайтты. Осынау өмір жолында ол қазақ журналистикасына өшпес қолтаңбасын қалдырып, салада «сен тұр, мен атайын» дейтін сайдың тасындай сайыпқырандардың томағасын сыпырды. Қазіргі таңда қадірлі қаламгердің шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде, баспасөздің сан саласында абыройлы еңбек етіп жүр. Облыстық телерадио комитетінде режиссер, редактор, аға редактор, «Aq jol» газетінде тілші, әдеби қызметкер, Тараз қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде бас редактор, «Театр.kz» журналының редакторы міндеттерін де мінсіз атқарып, халықтың алғысына бөленді. Ал жамбылдық «Araı» жастар газетінің алғашқы бас редакторы болып жүргенде Болат Үмбетәліұлы ә-дегеннен жаңа басылымның мазмұнды шығуына бар күш-жігерін жұмсады. Тарихи-танымдық мақалаларға, жастардың шығармашылығын дамытуға басымдық берілді. «Журналист бәріне дайын болуы керек» деген ұстаныммен өзінің шығармашылық шеберханасын, ұстанымы биік ұстаздық ұстаханасын қалыптастырды. Журналистикамен бірге өнер, поэзия, сазгерлік, драматургияны да қатар алып жүрді. Және әр бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, нәтиже шығарды. Ел алғысына бөленді. Сондықтан Болат Үмбетәліұлының ғұмыр жолы да, еңбек жолы да өскелең ұрпаққа мәңгілік үлгі болып қала бермек.
Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Дастаның қалды артыңда...
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024