Мойынқұм ауданында жатақхана қолданысқа берілді
Мойынқұм ауданында көпбалалы үйсіз, үй кезегінде тұрған отбасылар үнемі аудан әкімінің қабылдауында болып, тұрғын үй сұрап жүретін. Аудан әкімінің ұсынысымен осы жылдың басында қараусыз, жөндеусіз тұрған 4 қабатты жатақханаға аудан бюджетінен 27 млн тг қаржы бөлініп 1 және 2 қабаттары жөндеуден өткізіліп, шатыры ауыстырылып, ішіне орталықтандырылған жылыту батареялары жүргізіліп, ауыз су мен әжетхана ішке кіргізілді. Бүгінгі таңға 6 көпбалалы, жалғызілікті үй кезегіндегі жанұяларға 1-інші қабаттан пәтерлердің кілттері аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауымен салтанатты түрде табыс етілді. Пәтерлі болған тұрғындар бірін бірі құттықтап, шашу шашып аудан басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала