Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды: оқиғаның видеосы жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 5 ақпан, 2021
- 792
Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секіруге тырысқан ер адамды құтқару процесі видеоға түсірілді.
Полиция мәліметіне сүйенсек, жедел басқару орталығының "102" пультіне куәгер қоңырау шалған. Ол Тілендиев көшесіндегі көпқабатты үйдің 12-қабатынан ер адам секіргелі тұрғанын айтқан. Оқиға орнына жедел патрульдік полиция полкінің взвод командирі Әділжан Мұсылманбеков, патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Ержан Естай мен Әлихан Адаевтан барды.
"Патрульдік полиция экипажы оқиға орнына келгенде, ер адам балкон қоршауына шығып секіруге шақ қалған. Жағдайға қарай әрекет еткен Әділжан Мұсылманбеков ер адамды әңгімеге тартады. Көңілі ауып төмен қараған сәтінде полицейлер оны белінен ұстап балкон ішіне тартып түсірген", - деп хабарлады полиция қызметкері.
Медициналық тексеру нәтижесінде 26 жастағы ер адам мас болғаны анықталды. Отбасында болған жанжалдан кейін секіруге шешім қабылдаған. Оны аудандық полиция бөліміне жеткізіп, психолог маманмен кездесу ұйымдастырды.
Polisia.kzjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
"Рэкетир" фильмінде ойнаған актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті
- авторБақытжан Бекболат
- 22 желтоқсан, 2025
Баланы қорқытып, бопсалайды: елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 желтоқсан, 2025






