дүйсенбі, 2 наурыз, 2026 13:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Наурызда күн райы қандай болады

Наурызда күн райы қандай болады
Фото: Jambylinfo.kz
Наурыз айында Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деген алдын ала болжам жасалды.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, көктемнің алғашқы айында ел бойынша орташа температура қалыпты көрсеткіштен шамамен 1 градусқа жоғары болуы ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандардың болжауынша, жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде көпжылдық нормаға жуық сақталады. Алайда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында жауын-шашын көлемі әдеттегіден көп болуы мүмкін. Атап айтқанда, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы таулы өңірлерде жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтілуде.

Ал Маңғыстау облысы аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері керісінше нормадан төмен болуы ықтимал.

Жалпы, наурыз айындағы жылы ауа райы көктемнің ерте сезілуіне әсер етуі мүмкін. Дегенмен таулы аймақтарда жауын-шашынның мол түсуі қар қорының артуына және өзен-көлдердегі су деңгейінің көтерілуіне ықпал етуі ғажап емес. Сондықтан тұрғындарға ауа райы болжамын қадағалап, сақтық шараларын ескерген жөн.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар