жексенбі, 22 маусым, 2025 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құрбан айтта ХҚКО-лар мен арнайы ХҚКО-лар жұмыс істей ме

Құрбан айтта ХҚКО-лар мен арнайы ХҚКО-лар жұмыс істей ме
Pixabay.com
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді

Қазақстанда 6 маусым – Құрбан айт күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"7 маусым, сенбі күні қабылдау тек кезекші орталықтарда жүргізіледі. Ал 9 маусымнан бастап барлық ХҚКО-лар қалыпты тәртіппен жұмысын жалғастырады", – делінген хабарламада.

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары:

• Дүйсенбі – жұма күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін;

• Сенбі күні 09:00-ден 13:00-ке дейін жұмыс істейді.

Сенбіде өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 13:00-ке дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы орталықтар бір сағат ерте ашылып, ерте жабылады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар