сенбі, 23 қараша, 2024 0:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі керек – Қазақстан күрдтері қауымдастығының жетекшісі Қ.Мирзоев

Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі керек – Қазақстан күрдтері қауымдастығының жетекшісі Қ.Мирзоев
ашық дереккөзі
Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі керек – Қазақстан күрдтері қауымдастығының жетекшісі Қ.Мирзоев
Қазақстан күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Князь Мирзоев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Бердібек Сапарбаев қонаққа облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, экономиканың барлық салалары жүйелі түрде дамып келе жатқанын, облыстық бюджет екі есеге артқанын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқандығын жеткізді. Аймақ басшысы мұның барлығына жамбылдықтардың үйлесімді және қарқынды жұмысының арқасында қол жеткізілгенін баса айтты.
- Жамбыл облысында 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады. Қордай өңіріндегі соңғы оқиғалар қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бұзылуына сеп бола алмайды. Тұрғындар мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Барлық зардап шеккен үйлер мен басқа да нысандар қалпына келтірілуде. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Қордай ауданын дамытуға қосымша 32 миллиард теңге бөлінді. Жаңа әлеуметтік нысандар салынып, жолдар жөнделуде. Жыл соңына дейін газдандыру деңгейін 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр,- деді облыс әкімі.
Ол Қасқабұлақ ауылындағы тұрмыстық кикілжіндерге кейбіреулердің ұлтаралық сипат беруге тырысқанын атап өтті. Бірақ жедел шаралардың арқасында бұзақыларды тәртіп сақшылары қолға түсірген.
- Арандатушылыққа жол берілмейді. Бұл бәріне жақсы сабақ болуы керек. Бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзуға және тұрғындар арасында алауыздық тудыруға ешкімнің құқығы жоқ, - деді облыс әкімі.
Бұл оқиға күтпеген жағдай болды, өйткені барлығы Қасқабұлақты ең үлгілі ауыл ретінде таниды. Соңғы бірнеше жылда мұнда бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген, дүкендерде  спирттік өнімдер сатылмайды. Князь Мирзоев мұндағы жақсы дәстүрлерді сақтап қалу үшін балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.
- Балалардың бойынша кішкентай кезінен бастап өз еліне, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру қажет. Қасқабұлақ ауылының мектебінде қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі ұлтаралық қатынастар тіліне айналуы керектігін айрықша айтқан болатын. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуге және құрметтеуге міндетті, - деді ол. - Ұлтаралық келісім – аймақтың табысты дамуының басты факторларының бірі. Жамбыл облысы бейбітшілік пен келісімнің аймағы ретінде белгілі. Мен облыс әкіміне жедел әрекеті үшін және Қасқабұлақ оқиғасы кезінде оң шешім қабылдай білгені үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың көршілерімен достықта және өзара түсіністікте өмір сүріп жатқандығына тағы да көз жеткізе түстім, - деді ол.
Кездесуде ауыл ақсақалдары да сөз алды. Олар мұнда өркендеумен қатар, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілгенін жеткізді.
- Тұрғындар өз ауылдарының абыройын асқақтатып, аянбай еңбек етулері керек. Әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Биыл Қасқабұлақ ауылын дамытуға 40 миллион теңге бөлінді, - деді Бердібек Сапарбаев.
Ауылда 1186 тұрғын тұрады. 14 шаруа қожалығы тіркелген. Мектеп ғимаратының іргесі 2017 жылы қаланған. Қазір барлық оқушылар дәстүрлі түрде білім алуда. Сол жылы ауыл клубы да жөндеуден өткен десек, балалар әр түрлі шығармашылық секцияларға қатысып, өздерін дамытуда. Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи жабдықтармен жабдықталған, екі медбике жұмыс істейді. Апта сайын тар бейінді мамандар келіп тұрады. Ауыз сумен қамтуда ешқандай мәселе жоқ. Ауыл 2021 жылы көгілдір отынмен және мобильді интернетпен қамтамасыз етілмек. Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Жардис Үсейнов Қасқабұлақтағы заңдылық пен тәртіптің сақталуына жауапты учаскелік инспектор осында көшіп келгенін,  енді ол тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын айтты. Сондай-ақ, мұндай кездесу 4 мыңға жуық күрд диаспорасының өкілдері тұратын Жамбыл ауданының Гродеково ауылында да өтті. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар