жұма, 22 қараша, 2024 23:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сенбілікке тек мемлекеттік қызметшілер емес, тұрғындар да қатысуы керек»

«Сенбілікке тек мемлекеттік қызметшілер емес, тұрғындар да қатысуы керек»
ашық дереккөзі
«Сенбілікке тек мемлекеттік қызметшілер емес, тұрғындар да қатысуы керек»

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен аппараттық кеңесте күзгі 2 айлық санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы қаралды. Қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын пандемиялық жағдай тағы да дәлелдеп берді. Жылда көктем, күз айларында қызу жүргізілетін санитарлық тазалық айлықтары биыл да өз қарқынында. Дегенмен, оңды істе жіберілген олқылықтар да жоқ емес.

Облыстық энергетика басқармасының басшысы Құдайберген Нұрсерікұлының айтуынша, 61 403 дана тал отырғызу, 6 116 шаршы метр гүлзарлар, 3 985 шаршы метр көгалдар орналастыру, 971 шақырым арық жүйелері мен каналдарды, 2 220 шақырым көше бойларын, 725 105 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағын тазалау, 4 316 тонна кездейсоқ  күл-қоқыстар шығару жоспарланған. Бүгінгі күнде жалпы 16 422 дана тал ағаштар отырғызылып, 1 712 шаршы метр гүлзарлар, 2 595 шаршы метр көгалдар орналастырылған. 614 шақырым арық жүйелері мен каналдар, 1 404 шақырым көше бойлары қоқыстардан тазартылған. 398 452 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағы тазаланып, 1 860 тонна кездейсоқ  күл-қоқыстар шығарылыпты.

– Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап барлық аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері жергілікті жерлерде күзгі 2 айлық абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша атқарылатын іс-шаралар дайындалып, әкімдік қаулыларымен бекітілген. Тазалық айлығын өткізуге қабылданған қаулылар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың назарына жеткізілді. Басқарма тарапынан жүргізілген зерделеу нәтижесі көрсеткендей, елді мекендерде тазалық айлары өткізілсе де кездейсоқ қоқыс қалдықтардың шашылып жату фактілері орын алуда. Мысалы, Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарында санитарлық тазалық жұмыстары дұрыс деңгейде жүргізілмегенін байқауға болады, – деді Құдайберген Қорғанбаев.

Аталған аймақ әкімдерімен онлайн режимінде тікелей байланысып, жіберілген кемшіліктің жөнін сұраған облыс әкімі Бердібек Машбекұлы:

–Бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып, нәтижелі жұмыс жасалуы керек. Осы тазалыққа, абаттандыруға байланысты әлеуметтік желілерде айтылған халықтың шағымы жетерлік. Тағы бір ескерерлік жайт – сенбілікке тек мемлекеттік қызметшілер емес, тұрғындар да қатыстырылсын. Өмір сүретін жеріміздің тазалығы, абаттандырылуы бәрімізге ортақ, әсіресе сол жердің тұрғындарына қажет, -деді.

Расында да тазалау жұмыстарына қатысып, өз қолымен еңбек еткен әрбір тұрғын сондағы жауапкершілікті де сезінеді. Еңбектің еш кетпеуіне, отырғызылған тал-дарақтардың сындырылмауына мән бере қарайтын болады. Бәлкім, сонда халықтың игілігі үшін қоғамдық орындарға жасалған дүниелер бүлінбес пе еді.

Аппараттық кеңестің соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінге дейін облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылық қызметін атқарған Дүйсенәлі Бықыбаевты Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағалығына тағайындалғанын хабарлап, ұзақ жылғы нәтижелі еңбегі үшін халық атынан алғыс айтты. Сондай-ақ, республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауының жеңімпазы атанған Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылының әкімі Мұратбек Арыстанбековты құттықтады.

 

Қамар Қарасаева

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар