жексенбі, 22 маусым, 2025 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты

Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты
Ulysmedia.kz коллажы
Ең ауыр жазаны Абзал Шынасыл арқалады

Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінің қорытындысы шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҮКІМ

Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:

Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 293-24-баптың 3-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) 20 жыл;

Шыңғыс Белғожаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Дархан Әскентай қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда);

Нұрбол Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), оған қоса 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда);

Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар