Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- авторjambylinfo.kz
- 27 қараша, 2020
- 362
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен нақты белгіленген. Сондықтан Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің басымдықтарының бірі ретінде атады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келіп, қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жеңуге болмайтынын атап өткен.
Мақала жазған, Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» басшысы – аға сот орындаушысы С.Айтжанов
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз