Қоғам
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жедел-тергеу жұмыстары
- авторjambylinfo.kz
- 3 желтоқсан, 2020
- 305
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жедел-тергеу жұмыстары
Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекет басшысы мен Агенттіктің тапсырмаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Атап өту керек, Агенттіктің жаңа талабы бойынша сыбайлас жемқорлық қарсы қызметінің жұмысы саннан сапаға ауыстырылып, Департаменттің жұмысы осы соңғы талап бойынша ұйымдасырылуда.
Алдын алу іс-шараларымен қатар біз тұрақты негізде жедел-іздестіру және тергеу қызметін жүргізудеміз, оның нәтижелерін қысқаша айтқымыз келеді.
2020 жылдың 11 айында Департаментпен 121 (2019 – 127) қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр санатында 84 (2019 – 72).
Оған қоса, Департаментпен үнемі түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басым бағыттары бойынша қылмыстарды анықтауға аса назар бөлінуде.
Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 7 (2019 – 7), мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау бойынша – 16 (2019 – 14), кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 9 (2019 – 16) дерек тіркелген. Қабылданған шаралар нәтижесінде Департаментпен жалпы 76 кәсіпкердің құқықтары қамтамасыз етіліп, қорғалды.
Бұдан басқа, Департаментпен мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор басшылары тарапынан жасалынған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, 7 қылмыс облыс деңгейіндегі басшыларға қатысты тіркелген (2019 – 3), олардың ішінде: облыс әкімдігі басқарамаларының 4 басшысы, 1 квазимемлекеттік мекеме басшысы және өңірлік департаменттің 2 басшысы. Осыған қоса, 7 қылмыс қала, аудан деңгейіндегі басшыларға (2019 – 10) және 4 қылмыс ауылдық округтердің әкімдеріне қатысты тіркелген.
105 іс сотқа жолданды (2019 – 107). Ақталмайтын негізінде 8 қылмыстық іс қысқартылды (2019 – 9). Жасалынған заңсыз іс-әрекеттер үшін 70 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды (2019 – 86).
Тіркелген қылмыстық істер бойынша 827,0 млн. теңге көлемінде залал келтірілді (2019 – 1,2 млрд.), оның 582,2 млн. теңгесі өндірілді (2019 – 914,3 млн. теңге) және 153,3 млн. теңгеге мүлікке тиым салынды.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бөлігінде атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, 30 азаматқа (2019 – 28) 4,8 млн. теңге көлемінде сыйақы төленді.
Ә.Х.Әшірбаев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала