Талғарда Шерзат Полаттың атына көше берілуі мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 351
Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, Шерзат Полаттың есімі әділет үшін күрестің символына айналды. Ол Талғар қаласы әкімдігіне арнайы ұсыныс жасап, қанды оқиға болған жердегі Менделеев немесе Руставели көшелерінің бірін Шерзаттың атымен атауды ұсынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— 16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделеев және Руставели деп аталады. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғасы емес. Кеңес үкіметінен қалып қойған атаулар, – дейді заңгер.
Бұл бастамаға әлеуметтік желі қолданушылары қолдау білдіруде. Шекеевтің пікірінше, Шерзаттың есімі ел жадында сақталуы тиіс, өйткені ол қайғылы тағдыры арқылы қоғамды әділдікке үндеуге себепкер болды.
Қазіргі таңда ұсынысты Талғар әкімдігі қарап жатыр. Дегенмен шешім қабылдау үшін мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдерінің пікірі ескеріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






