Таразда бала суға батып кетті
Бүгінде күннің күрт ысуына байланысты шомылу маусымы қызып тұр. Өзен-көл, су қоймалары мен тоғандарына шомылып, салқындағысы келетіндердің қатары көп. Олардың көбінесе қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығарып, тыйым салынған жерлерде суға түсіп жататыны да белгілі. Спирттік ішімдік ішіп суға түсетіндер, баланы өзен жағасында қараусыз қалдыратындар да азаймай отыр. Қарапайым ғана қауіпсіздік ережесін сақтамаудың соңы орны толмас өкінішке ұрындырары анық. Мәселен, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері 12 адам, оның ішінде 5 бала суда қайтыс болған.
Сол секілді күні кеше ғана, яғни 20 тамыз күні Тараз қаласы Болатов көшесіндегі каналға құлаған 2017 жылы туған бала суға батып кетті. Белгілі болғандай, бала үйдің жанындағы каналдың жанында ересектердің қарауынсыз қалған. Оқиға туралы хабарлама «112» нөміріне 20 сағат 29 минутта келіп түскен. Оқиға орнына дереу Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 1 техникасы жіберілді. Өкінішке орай, мамандар баланы құтқарып қала алмады.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, кез келген жастағы балаларды бақылауға және оларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Өрелі істе өркендеу бар
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024