жексенбі, 6 қазан, 2024 3:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда балаларды қорғау күнінде қайда баруға болады

Таразда балаларды қорғау күнінде қайда баруға болады
Фото: den-der.kz
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балалар мерекесіне орай Таразда түрлі іс-шаралар, оның ішінде концерт, акция, интеллектуалды ойындар, спорттық жарыстар өтеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар күніне арналған мәдени іс-шаралар 28 мамырда басталып кеткен. Дегенмен, бүлдіршіндерге арналған көңілді мереке 1 маусымға дейін тоқтамайды. 

28-30 мамыр күндері, сағат 11.00 «Құмшағал» алқабындағы  «Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде» жасөспірімдер арасында кикбоксингтен қалалық ашық турнир ұйымдастырылады.

30-31 мамыр аралығында «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты мүмкіншілігі шектеулі 14 жасқа дейінгі балаларға сыйлық сыйлау акциясы өтеді.

1 маусым, сағат 10.00 Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі «Балдәурен балғын шақ»  атты мерекелік іс-шарасы өтеді.

1 маусым, сағат 10.00 Айтеке би көшесі, №11 үйдің ауласы кіші-футболдан жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтеді.

1 маусым, сағат 10.00 «Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

1 маусым, сағат 11.00 қала тұрғындары арасында бұқаралық спорттық іс-шаралар өтеді.

1 маусым сағат 11.00 Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханада  «Бақытты балалық шақ - ертеңгі қуатты Қазақстан» атты мерекелік ойыны өтеді.            

1 маусым, сағат 12.00-де  №4 кітапханасында  «Бақытты балалық шақ» шарасы өтеді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар