сәрсенбі, 9 қазан, 2024 4:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Димаштың 22 жасар қарындасы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр

Димаштың 22 жасар қарындасы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Раушан Құдайбергеннің елордада мейрамханасы бар

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген «Оян» бағдарламасына сұхбат беріп, бизнесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жас кәсіпкердің сөзінше, мейрамхана бизнесін бастау идеясын әкесі Қанат Құдайберген айтқан.

«Мейрамхана ашу әкемнің идеясы болды. Отбасымыз түгел әкеміздің ойын, жоспарын қолдадық. Сөйтіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге кірісіп кеттік», - дейді Раушан Құдайберген.

Ол қазір 30 адамды жұмыспен қамтып отыр екен.

«Мейрамхана мәзірінде 66-дан астам тағам түрі бар. Қазақтың ұлттық асханасына басымдық береміз. Себебі, қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз», - деді Раушан Құдайберген.

Сондай-ақ, бағдарламада  Раушан Құдайберген мен аспаз Нариман Ержанов екеуі мейрамхананың мәзіріндегі «Самалтау» тағамын әзірледі.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар