Қоғам
«Қылмыстық іс қозғалды». Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 тамыз, 2024
- 1265

Аталған фактке қатысты полиция түсініктеме берген
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желіде спортшы туралы ақпарат тарады. Деректерге сүйенсек, 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты ПБ — на 5-шағын ауданда зорлау фактісі болды деген хабар келіп түскен.
Осы бойынша полиция қызметкерлері әйелдің оны Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдаған. Бұл жайлы Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді:
«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.» делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді: күн күркіреп, жаңбыр жауады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025
Қоғам
"Бәрін тоқтаттым": Ақмоншақ Нұртаза күтпеген мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 шілде, 2025