жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Париж- 2024: Паралимпиадаға Жамбыл облысынан төрт спортшы қатысады

Париж- 2024: Паралимпиадаға Жамбыл облысынан төрт спортшы қатысады
Коллаж: Jambylinfo.kz.
Олардың қатарында Рио паралимпиадасының чемпионы Зульфия Габидуллина да бар

28 тамызда Парижде XVII Жазғы Паралимпиада басталады. Дүбірлі додаға Жамбыл облысынан төрт спортшы қатысады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы берген дерекке сүйенсек, биыл Паралимпиадаға Жамбылдан таэквондо, жүзу, жеңіл атлетика сынды үш спорт түрінен төрт спортшы қатысады. Оның ішінде Рио де Жанейрода өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, 59 жастағы спортшы Зульфия Габидуллина да бар. 

Жалпы спортшылар тізімі мынандай:

1. Нұрдәулет Жұмағали, XVI жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері (Токио-2021), екі дүркін пара Азия ойындарының жеңімпазы (Ханчжоу-2023)

2. Нышан Өмірәлі,  Екі дүркін Әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017),Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023)

3. Зульфия Габидуллина, XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы (Рио-де-Жанейро -2016), пара Азия ойындарының қола жүлдегері (Ханчжоу-2023)

4. Салтанат Әбілхасымқызы, III жасөспірімдер Пара Азия ойындарының жеңімпазы (Дубай-2017); Паралимпиада ойындарының қатысушысы (Токио-2021).

Ал ҚР Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 56 822-ні құрағанын мәлімдеді.

Министрлік таратқан деректерге қарағанда. бұл жолы Қазақстан құрамасы параолимпиялық ойындарға рекордтық жолдамаға ие болған. 

«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарын қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.  

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын 28 тамыз күні 23.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде ұсынады. Паралимпиада ойындары өтетін мерзімде «Qazsport» телеарнасының тілшісі Азат Смағұлов пен оператор Абзал Чадетов Парижден ақпарат таратады. Эфирде Олимпиада ойындарын жүргізген комментаторлар тобы жұмыс істейді. 

Қазақстан құрамасы жазғы Паралимпиада ойындарына осымен 8-рет қатысады. XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін ұлттық құрама спортшылары 33 лицензия иеленді.

Ал, биыл төртжылдық бәсекесінде  23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар