Қырғызстан 18 сәуірге дейін TikTok желісін ел ішінде бұғаттамақ
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2024
- 914
Айырқалпақты жұрттың ақпарат кеңістігіндегі мәлімет бойынша , Қырғызстан СІМ жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі елдің барлық интернет-провайдерлеріне тиісті хат жолдаған. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, рухани, адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Заңға сілтеме жасайды.
"Балалардың денсаулығына, олардың зияткерлік, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірмеу мақсатында ҰҚМК Қырғызстан аумағындағы TikTok ақпараттық сервисіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылғы 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беруді сұрайды", - делінген хатта.
Қырғызстан цифрландыру министрлігі TikTok желісін ел аумағында бұғаттау жайлы ақпаратты растады. Желі опарторларына 18 сәуірге дейін қытайлық қосымшаны ел аумағында шектеу бойынша хат жолданған.
Ұқсас жаңалықтар
«Аспандағы құбылыс». Жаркенттіктер түсірген кадр желіде тарап жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 4 қараша, 2024