дүйсенбі, 15 шілде, 2024 4:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырық жылғы корпуста отырған қыздар университетіне жаңа ғимарат берілді

Қырық жылғы корпуста отырған қыздар университетіне жаңа ғимарат берілді
Фото: yandex.kz
Соңғы рет университетке ғимарат 1986 жылы берілген

Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толады. Мерей қарсаңында оқу ордасына жаңа оқу корпусы берілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, жаңа оқу корпусында университеттің білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге, студенттердің сапалы білім алуына және оқытушылардың жұмысын жақсартуға барлық жағдай жасалған.

Ауданы 12 000 шаршы метрден асатын оқу корпусында жаңа форматтағы педагог кадрларды сапалы даярлау және озық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті 40-тан астам оқу кабинеті мен ғылыми зертханаларды іске қосу жоспарланған.

Атап өтейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылы құрылған, қазіргі таңда құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар, 8600 студент оқиды.

Еркебұлан Мырзабек 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар