бейсенбі, 21 қараша, 2024 19:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда биыл дәрі-дәрмек қымбаттамайды

Жамбылда биыл дәрі-дәрмек қымбаттамайды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Облысы бойынша  436 дәріхана бар

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің өкілі биыл облыста дәрі-дәрмек қымбаттамайтынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Базарханованың сөзінше, облысы бойынша  436 дәріхана бар. Ал, таңбалау операторының ақпараттық жүйесінде тіркеуден 252 дәріхана өткен. 

"Жоғарыда айтылғандарға байланысты фармацевтикалық ұйымдар субъектілерінің басшыларына және Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының төрағасына хаттар жолданды. Дәрілік заттардың толық қадағалануы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетінін ескертеміз. Дәрі-дәрмектің бағасы өспейді",- деді Гүлмира Базарханова.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар