жексенбі, 23 маусым, 2024 13:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ютубте беташарын жасаймыз». Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаевамен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

«Ютубте беташарын жасаймыз». Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаевамен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Болашақта Нұрлан Әлімжанов тек Әйгерім Қалаубаевамен, ал, Әйгерім Қалаубаева тек Нұрлан Әлімжановпен ғана дуэт айтуға міндеттелмек

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, экс-депутат Нұрлан Әлімжанов әнші, биші Әйгерім Қалаубаевамен өте ауқымды жоба әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«1001 түн» бағдарламасына қонаққа келген ол «Нұрлан мен Әйгерім көңіл жарастырған» деген қауөсекке қатысты пікір білдірді. Әлімжановтың бір сөзі ол екеуі шынымен өте жақын қарым-қатынаста екенін меңзесе, енді бір сөзі өнер иелерін тек ортақ жоба байланыстырғандай әсер қалдырады. Бұл жұмбақ сауалдардың жауабын ол екеуі жуырда өз ютуб арналарындағы жаңа туындылар кезінде айтып береміз дейді.

«Өнердегі әріптесім, сонау студенттік шақтан келе жатқан досым Әйгерім Қалаубаева екеуміз альбомдардың жұмысын бастап кеттік. Бір-екі айдың ішінде үш ән жазып тастадық. Құдай қаласа бір-бірден клип түсіріп, ютуб арнамыз арқылы халыққа жолдаймыз. Бағдарламаға келесі келгенде Әйгерім екеуміз жаңа әндерімізді орындап, ары қарай жоспарымызды айтамыз», - деді Әлімжанов.

Ал, жүргізуші Әйгерім Сейфолланың «жұрт сіздерді қосып жатады» деген сұрағына тағы да жұмбақтап жауап берді.

«Оның бәрін ән арқылы, клип арқылы, болашақтағы кино арқылы түсінесіздер. Біз той үшін емес, мән-мағынасы бар, халыққа рухани мұра болып қалатын дүние жазып жатырмыз. Ютубте беташарын ашайық, ары қарай бұйырған жерге дейін барамыз», - деді ол.

Сонымен қатар Әлімжанов енді екі әнші өзге ешкіммен ән айтпауы мүмкін екенін хабарлады.  

«Нұрлан тек Әйгеріммен ән айтады екен, Әйгерім Нұрланмен ғана ән айтады екен» деген сыбыс шықты, бұл рас па?», - деп сұрады жүргізуші.

«Иә, ондай ой бар. Енді солай болады деп ойлап жатырмыз. Өзімізді жоба ретінде қарап жатырмыз», - деді Әлімжанов.

Әлімжанов жүргізушінің «Жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?», - деген сұраққа «иә» деп жауап берді.

«Алла бұйыртса, толтырамыз. Онсыз да толтырып келе жатырмыз. Бұрын бірге ән ғана айтсақ, енді альбом жазып келеміз. Маусым, шілде, тамыз айларында жаңа әндерімізді халыққа таныстырамыз», - деді Әлімжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Жасы 40-қа таяған хореограф Әйгерім Қалаубаева мен әнші Нұрлан Әлімжановтың концерт жүргізуге дайындалған сәті таспаланған бейнежазба желіде қызу талқыланған еді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар