жексенбі, 23 маусым, 2024 13:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дулати университетінде TOEFL тестілеу орталығы ашылды

Дулати университетінде TOEFL тестілеу орталығы ашылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл орталық студенттер мен ұстаздардың тіл білімін жетілдіруге мүмкіндік береді

Дулати университетінде «TOEFL Authorised Test Centre» жаңа тестілеу орталығы ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Университет ректоры Мұхтар Байжұмановтың айтуынша, Дулати университеті ETS Global компаниясымен келісім негізінде халықаралық TOEFL ITP тестілеу өткізетін өңірдегі жалғыз университет болып отыр. 

Бұл орталықтың мақсаты – студенттердің, оқытушылар құрамының және докторантурада, халықаралық бағдарламалар мен академиялық ұтқырлық аясында одан әрі білім алғысы келетіндердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау.
 
Дулати университетіндегі TOEFL авторизацияланған тестілеу орталығы 160 елде белгілі (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Испания, Жапония Франция және т.б. елдердің) 12 500-ден астам білім орындарында оқуға мүмкіндік беретін ETS (Educational Testing Service) Global американдық ұйым жасаған халықаралық мойындалған TOEFL тестін әзірлеушілермен келісім бойынша құрылған.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар