жұма, 22 қараша, 2024 14:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалған вакцина паспортын жасауға қатысты 20 медқызметкер ұсталды

Жалған вакцина паспортын жасауға қатысты 20 медқызметкер ұсталды
ашық дереккөзі
Жалған вакцина паспортын жасауға қатысты 20 медқызметкер ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жалған вакцинация паспорттары мен ПТР-анықтамаларды сату фактілері туралы айтты. «ПТР-анықтамаларды қолдан жасағаны және жалған вакциналау жүргізгені үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20, делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды», - деді Н. Ораз онлайн брифингіде. Оның айтуынша, осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот тәжірибесі қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. «Ал 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істердің тергелуі бақылауда», - деді ресми өкіл. Айта кетейік, жыл басынан бері вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын сатумен айналысқаны белгілі болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар