Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті
- авторjambylinfo.kz
- 22 қараша, 2024
- 895
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Іс-шараға республиканың әр аймағынан келген мәртебелі меймандар, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев сөз алып, жамбылдықтарды мерейлі датамен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
«Бүгін – қасиетті Әулиеата жерінде айтулы күн, мерейлі мереке. Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Біз бүгін облыстың құрылу кезеңін ғана емес, оның терең тарихын зерделеп, жеткен жетістіктері мен жеңістерін паш ету үшін бас қосып отырмыз. Сондықтан, бұл айтулы күн – баршамызға ортақ мереке»,- деген облыс әкімі Жамбыл облысының республикадағы елеулі орнын және өңірден шыққан елге атпал азаматтардың ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Мұнан кейін облыс басшысы «Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандар арасындағы облыстық байқаудың қорытындысын жариялап, байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған Талас ауданы мен Жамбыл ауданына шағын автобустардың кілттерін табыстады.
Ал жүлделі үшінші орынға Байзақ және Сарысу аудандары лайық деп танылып, арнайы дыбыс құрылғысына ие болды.
Сондай-ақ, облыс әкімі өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Алғыс хатпен», «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Салтанатты жиын соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тоқаев тұрғын үй мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024