Қоғам
Жамбылда көмірдің тоннасы 12-16 мың теңге аралығында сатылады
- авторjambylinfo.kz
- 1 қыркүйек, 2020
- 291
Жамбылда көмірдің тоннасы 12-16 мың теңге аралығында сатылады
Жамбылда көмірдің тоннасы 12-16 мың теңге арасында сатылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі.
Басқарманың мәлімдеуінше, қатты отынды тасымалдаушы 5 мердігер мекеме бекітілген. Олар – «Курбанов» ЖК, «Самандар» ЖШС, «Шахбоз»ЖК, «Отын-М» ЖШС» және «Казуголсьнаб» ЖШС.
"Олардың қоймасында ағымдағы жағдайға көмір көлемінің қоры жеткілікті. «Шұбаркөл», «Қаражыра», «Екібастұз» көмірлерінің тоннасы сортына қарай 12 000- 16 000 теңге аралығында саудаланады" – дейді мекеме мамандары.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз