сенбі, 23 қараша, 2024 5:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

Жамбылда мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
ашық дереккөзі
Жамбылда мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

Өткен айда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 60 жағдайы тіркелген десек, ол алдыңғы аймен салыстырғанда аурушаңдық деңгейінің 1,4 есеге өскенін көрсетеді.

Бұл туралы облыстық жедел штабтың кезекті отырысында   санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейля Муликова хабарлады.

– Жағдайлардың көбі Тараз қаласы, Шу және Байзақ, Қордай аудандарында анықталған. 31 COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Байланыста болған 230 адам үй карантиніне оқшауланды, – деді ол.

10 қазан мен 6 қараша аралығында мониторингтік топтар 1328 рейдтік тексерістер жүргізіп, 9125 нысан қамтылды. Карантиндік режимнің 530 бұзылу дерегі анықталып, 17 852 840 теңгеге 163 хаттама толтырылған.

– Байзақ, Шу, Талас, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының мобильді топтарының жұмысын жандандыру қажет, - дейді Н.Муликова.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мониторингтік топтарға тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің шектеу және карантиндік шаралардың сақталуына бақылау жүргізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Облыс орталығындағы топтар үш мыңнан астам нысанды тексеріп, тек 174 бұзушылықты анықтаған. Осы уақытқа дейін тек 60 материал келіп түскен. Кейбір аудандардағы жағдай да осыған ұқсас. Көптеген рейдтік тексерістерден нәтиже жоқ, - деді облыс әкімі.

Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлеріне аталған рейдттік шараларға қатысуға шақырды. Өз кезегінде Нейля Муликова аудандардағы барлық ведомстволардың жедел өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін үйлестіру орталықтарын құруды ұсынды.

Сырттан тасымалданатын жағдайлардың көбеюіне байланысты мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Облыс әкімі эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен жағдайда, облыстың кіреберістеріне санитарлық посттар орнатылатынын атап өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинациялау барысы туралы баяндады. Бүгінгі күні 345 мыңнан астам адам вакцинациядан өткен десек, халықты қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайды. Жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдарға вакцина ақысыз егілуде. Бұл тізімге медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі балалар және зейнеткерлер кіреді. Сонымен қатар, Әсет Қалиев медициналық мекемелердің инфекцияның ықтимал жаңа толқынына дайындығы туралы хабарлады.

– Кадр мәселесі әлі де өзекті күйінде. Бұл бағытта  салалық басқарма С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетімен тығыз ынтымақтастық орнату қажет, - деді облыс әкімі.

Ол аурудың ықтимал толқынына медициналық қызметтердің толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Аудандарда жедел жәрдем қызметі облыстық станцияға емес, аудандық ауруханаларға бағынуы тиіс. Медициналық бригадалар пациентке мүмкіндігінше тезірек барып, жедел көмек көрсетуі керек, - деді облыс әкімі. Тиісті Қаулыны өңірлік жедел штаб шығарады.

Басқосу соңында Бердібек Сапарбаев санитарлық нормалар мен шектеу шараларын сақтау бойынша тұрғындарға жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын еске салды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар