Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады
Алматы қаласында мешітке келіп, намаз оқып жатқан адамдардың жеке мүлігін тонаған жігіт төрт жылға сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ұрлық былтыр қыста болған.
«Жас жігіт адамдардың намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысы барысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді», - деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.
Сот кінәліні қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024