сенбі, 23 қараша, 2024 13:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеке сұрақтармен қабылдады

Жеке сұрақтармен қабылдады
ашық дереккөзі
Жеке сұрақтармен қабылдады
Бүгінде билік пен бұқара халықтың арасы жақындай түскен. Мемлекеттік құзырлы органдар, жергілікті атқарушы билік халықпен тығыз байланыс орнатуда. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмысын түзеуге, елге ортақ өзекті әрі түйткілді мәселелердің шешілуіне септігін тигізуде. Ортақ істен қалыс қалып жатқан ешкім жоқ. Ел тыныштығын, қоғамдық тәртіпті сақтайтын полиция қызметкерлері де белсенділік танытып келеді. Мәселен, біздің ауданда өткен жылы Жамбыл аудандық полиция бөлімі жанынан азаматтарды қабылдау кеңсесі ашылған. Жергілікті тұрғындар өзіне қажетті жағдайда кеңсеге келіп, полиция қызметкерлеріне жүгіне алады. Жүгініп те жүр. Қазір де солай. Апта аралығында аудандық полиция бөлімі жанындағы азаматтарды қабылдау кеңсесінде бөлім бастығының орынбасары, полиция майоры Әділет Үсенбаев аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Тұрғындарды байыппен тыңдап, қойған сұрақтары, көтерген мәселелері бойынша нақты жауаптар қайтарды. Заң шеңберінде кеңес берді. Қабылдауға аудандық полиция ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов, полиция ардагері Сәпілмәлік Тәжиев қатысып отырды. Ильяс Қалыбеков, «Шұғыла».
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар