сенбі, 23 қараша, 2024 7:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жомарт жандардың жақсылығы

Жомарт жандардың жақсылығы
ашық дереккөзі
Жомарт жандардың жақсылығы
«Қолдан келсе баланы қуанту керек. Ол қуанса, шын қуанады», – дейді «Ұшқан ұя» кітабында қазақтың біртуар азаматы Бауыржан Момышұлы.
Жаңа оқу жылында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Бірлесу-Еңбек орта мектебінің оқушылары қуанышқа кенелді. Мектептегі көпбалалы отбасылардың балаларына бірлесулік азаматтар Берік Құтбаев, Талап Нұрбаев пен Индира Тоғанбаева көпке үлгі боларлық қамқорлық көрсетті. Демеушілер қашықтықтан оқуға қажетті 12 роутер құрылғысы аппараттарын сыйға тартты.
Сондай көмектің бірі ауыл тұрғыны Мансұр Абжапаровтың отбасына көрсетілді. Бұл отбасы 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Жүрегі жомарт, пейілі кең, мейірімі мол отбасы өз балаларынан бөлек қамқорлығына тағы 3 ұл, 1 қызды алып, қазіргі таңда 8 баланың ата-анасы болып, бүлдіршіндерге жылу сыйлап отыр.
Осындай көпбалалы отбасыларға қолдау білдірген азаматтарға алғыс білдіреміз. Қолы ашық, қамқор, жомарт жандар барда жоқшылық пен жетіспеушіліктің болмасы анық.
 
Назым Спатова,
Бірлесу-Еңбек орта мектебінің кітапханашысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар