Мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж жандарға әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік тұрғысынан қосымша кеңес беру мақсатында аудан әкімдігі жанынан арнайы «Сенім» орталығы ашылды. Орталық Б.Момышұлы ауылы әкімшілігінің бірінші қабатында орналасқан. Азаматтарды жеке сұрақтарымен дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылдайды.
Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов қатысты. Ашылу салтанаты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
-Бұл орталық облыс әкімінің бастамасымен аудан әкімінің тарапынан ашылып отыр. Мұндағы мақсат - жеке азаматтардың көкейіндегі толғандырған сұрақтарының жауаптарын уақтылы беру. Яғни, халықтың мәселесін дер кезінде шешу керек. Орталыққа арнайы маман бөлініп, тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Тұрғындардың сұрақтарына байланысты әр бөлімнің басшылары орталыққа келіп, азаматтардың сұрақтарына жауап беруі тиіс, - деді аудан әкімінің орынбасары Ернұр Маратұлы.
Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
Жуалы ауданыjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Алтынбек Қартабайдың фотосуреттері архив қорына өтті
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024