Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың төрағалығымен облыс имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті. Келелі кездесуге облыстағы аудан, қала мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар кеңінен баяндама жасады. Басқосуда ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни меркелер мен қайырымдылық іс-шаралар, қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми «asyldin.kz» сайтының, «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстары, және теріс ағыммен күрес бағыттары, облыстағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд және есептік журналдар ретінде көрсетілді. Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелер, карантин талаптарының сақталуы, онлайн дәрістер жайы талқыланды. Айтылған шаралар есебіне қатысты оң бағасын берген бас имам Бейбіт Мырзагелдиев дініміздің өркен жаюы жолында қажыр-қайрат көрсетіп, 2020 жылы Алла разылығы үшін Муфтияттан және өкілдіктен жолданған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, 1 орын алған иеленген Жамбыл ауданын (Бас имам Ғайырфулла қажы Әмірбеков) «Үздік аудан» номинациясымен марапаттады. Жиналыс соңында бас имам Бейбіт Әліпбекұлы ерекше еңбегімен көзге түсіп, оқ бойы озық тұрған аудандарға мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты. Жиыннан соң жан жадыратар жаңалығымен бөліскен Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлымен ауданның бүгінгі әлеуеті барлық мешіт имамдарының арқасы екенін қуанышпен жеткізген.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз