сенбі, 21 желтоқсан, 2024 22:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырау облысында 409 949 сайлаушы 261 сайлау учаскесінде дауыс береді

Атырау облысында 409 949 сайлаушы 261 сайлау учаскесінде дауыс береді
ашық дереккөзі
Атырау облысында 409 949 сайлаушы 261 сайлау учаскесінде дауыс береді
Атырау облысында 409 949 сайлаушы 261 сайлау учаскесінде дауыс береді. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, 261 сайлау учаскесі құрылған. Оның ішінде 11 жабық учаске бар. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 1966 мүше енгізілген. «Атырау облысында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құрамына саяси партиялардан 1306 (66,43%), қоғамдық бірлестіктерден 660 (33,57%) адам ұсынылды. Сайлау комиссияларының мүшелері арнайы оқыту семинарына қатысып, сертификат алды. Сайлаушылар Telegram каналының SailauAtyrauBot чаты, интернет сайт арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгені жөнінде ақпарат ала алады. Сайлау күні дауыс беретін сайлаушылардың тізімі нақтыланып, сайлау учаскелеріне жіберілді. Қазір сайлаушылардың саны 409 949 адамды құрады. Оның ішінде өзге облыстардан өз өтінішіне сәйкес тізімге енгізілген 12 956 сайлаушы бар», -деп ақпарат таратты аумақтық сайлау комиссиясынан. Сайлау учаскелерінің 165-де сайлаушылардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша іздеуі, Атырау қаласындағы 5 сайлау учаскесінде тұрақты тіркеусіз сайлаушылар үшін сервистік қызмет жүзеге асырылады. Азаматтарға тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тiзiмiмен танысу, сондай-ақ, оларға енгiзiлген сайлаушылар жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiлген. Атырау облысында 15 қарашадағы мәліметке сәйкес кандидаттардың сенім білдірген 784 өкілі тіркелген. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның 2 халықаралық байқаушысы келген. Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығы ашылған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар