Сайлау – 2022
Мейрам Қажыкен сайлауалды бағдарламасы туралы: Кәсіподақтар мықты болуы керек!
- авторjambylinfo.kz
- 10 қараша, 2022
- 249
Мейрам Қажыкен сайлауалды бағдарламасы туралы: Кәсіподақтар мықты болуы керек!
Құрметті отандастар! Бұл – менің сайлауалды бағдарламамның қысқаша мазмұны. Ол барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, арттыратын ауқымды әлеуметтік, экономикалық және саяси реформаларға бағытталған.
Бағдарлама мақсаты – баршаға тең мүмкіндік беру
«Игiлiк түбi – ынтымақ. Менің сайлауалды бағдарламамның да мақсаты осыған негізделеді. Яки, адамдарға теңдей мүмкіндік беруге, онда да қабілеттерді дамыту және оны іске асыруға басымдық беріледі. Әсіресе, жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үшін басты құндылық – Адам бостандығы, қадір-қасиеті мен әл-ауқаты болып табылатын заманауи қоғам құру маңызды», - дейді Мейрам Қажыкен.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл дегеніміз – Біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыратын түрлі этностардың мәдени дәстүрлерінің үйлесімді дамуы. Мәдениет арқылы қоғамға толеранттылық пен патриотизмді дәріптеу.
Сапалы білімге теңдей қолжетімділікке кепілдік беріледі
Оқыған адам – өзгеріс факторы. Қазіргі заман адамының қалыптасу барысы барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруды талап етеді. Адамның негізгі функциясы – оқу. Тағы бір қызметі – қабілеттерді дамыту, өмір бойы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.
«Сапалы білімге теңдей қолжетімділікке кепілдік беріледі. Осыған байланысты бірқатар шаралар қолға алынуы тиіс. Мысалы, білім беру сапасын арттыру. Мектептерді қарапайым және элиталық деп бөлуді доғару. Мектеп мұғалімдерін даярлауға ерекше назар аудару. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге келсек, ол айтарлықтай жаңғыртылып, жаңаланатын болады. ЖОО-ларда ақылы және тегін білім беру арасындағы оңтайлы арақатынасты қамтамасыз ету керек», - дейді Қажыкен.
Құқықтық мемлекет – баршаның заң алдында бірдей болуы
«Құқықтық мемлекет деген мемлекеттік билік органдарының заң нормаларын қалтқысыз орындауын білдіреді. Құқықтық мемлекет – баршаның заң алдында бірдей болуы. Бұл бағыттағы реформалардың бірі шешімдер қабылдау және оларды орындаушы билік тармақтарын қысқарту болып табылады. Ал бұл мемлекеттік басқаруды барынша орталықсыздандыру дегенді білдіреді. Орталық деңгейдегі ұйымдардың функциялары едәуір қысқарады, аймақтық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі дамиды. Әкімдердің өз бетінше шешім қабылдау құқығы кеңейтіледі. Мықты аймақтар – мықты республика», - дейді ол.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру әкімдерді халық өзі сайлай бастаған кезде ғана қажетті нәтижеге ие болады. Бұл азаматтардың өмірдегі маңызды шешімдерді қабылдауға ат салысуын қамтамасыз етеді. Мұндайда жергілікті атқарушы биліктің халық алдында есеп беру деңгейі артады. Осымен қатар, бір мезетте биліктің тағы бір тармағы да реформаланатын болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022