сенбі, 21 желтоқсан, 2024 17:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Петропавлда сайлау күні инватакси мен әлеуметтік таксилер жұмыс істейді

Петропавлда сайлау күні инватакси мен әлеуметтік таксилер жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Петропавлда сайлау күні инватакси мен әлеуметтік таксилер жұмыс істейді
Петропавлда 20 қараша күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Бұдан басқа мүгедектігі бар адамдар үшін инва және әлеуметтік таксилер қызмет көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 20 қарашада қоғамдық көлік әдеттегі кестеге сай жүреді. Бұл күні қалалық автобустармен қатынау тегін болады. Сондай-ақ сайлау күні барлық учаскелерде буфеттер жұмыс істемек. «Облыс орталығында 94 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар тізіміне 161 117 адам енгізілген. Сайлау учаскелері саяси науқанды өткізуге 100% дайын», - деді Петропавл сайлау комиссиясының төрағасы Кеңес Мұқышев. Учаскелерде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беруге бар жағдай жасалған. Ғимараттарда арнайы батырма жұмыс істейді, пандустар қойылған. Сондай-ақ осы күні мүмкіндігі шектеулі жандар инватакси мен әлеуметтік таксидің қызметін пайдалана алады. Осы мақсатқа 2 инватакси мен 6 әлеуметтік такси қарастырылған. Жалпы СҚО бойынша 386 мыңға жуық адамның саулауға қатысып, дауыс беруге құқы бар. 20 қараша күні өңірде 655 сайлау учаскесі жұмыс істемек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар