Сайлау – 2022
Президент сайлауы: Батыс Қазақстанда көшпелі семинар-кеңес өткізілді
- авторjambylinfo.kz
- 30 қазан, 2022
- 246
Президент сайлауы: Батыс Қазақстанда көшпелі семинар-кеңес өткізілді
Оралда Президент сайлауына дайындық мәселесін талқылаған көшпелі семинар-кеңес өтті.
Жиынға аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, кандидаттардың сайлауалды штабы мен саяси партия өкілдері қатысты. Тиісті заң тетіктері мен ережелері түсіндірілді. Облыста дауыс беру құқығына ие 447 мыңнан астам азамат бар. Бас аяғы 505 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс берудің заң аясында өтуі басты назарда болмақ. Қазір тіркеуде жоқ азаматтарды анықтап, тізімге қосу мақсатында 13 жедел топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, вахталық әдіспен еңбек ететін тұрғындар мен студенттердің сайлауға қатысуын қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.
Шавхат Өтемісов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Дауыс беруге 20 күн қалғанда, яғни 2022 жылғы 30 қазаннан кешіктірмей сайлаушылар тізімі тиісті әкімнің қолымен сайлау учаскелеріне беріледі. 4 қарашадан бастап әр азамат өзін сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022