дүйсенбі, 15 шілде, 2024 13:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ҮГІТ ЖҮРГІЗДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ҮГІТ ЖҮРГІЗДІ
ашық дереккөзі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ҮГІТ ЖҮРГІЗДІ
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Tоқаевты қолдау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық  қоғамдық штаб мүшесі Дмитрий Колода бастаған Халықтық коалиция өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданына барды. Кездесу «EMCAgro» және «BioOperations» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде өтті. Депутат Д.Колода сайлаушыларды ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. РҚШ мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және Тайынша ауданының жұртшылығымен де кездесті. Бұған дейін РҚШ мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында шаруалармен және Бескөл ауылында жұртшылықпен жүздесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі сайлау алдындағы бастамаларды талқылады. Сондай-ақ Петропавл қаласындағы Kozybayev University университетінде жастармен, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жергілікті сарапшылармен дидарласты. Одан бөлек қағаз өнімдерін өндіретін «Raduga KDR» компаниясының және «Alageum Electric» электротехникалық зауытының ұжымдарымен кездесулер өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар