Сайлау-2022: Дауыс беру күні қалай өтеді
Жиын барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы сайлауды өткізу кезеңдерін түсіндірді.
«21 қазан сағат 18:00-ден бастап 19 қараша, сенбі сағат 0:00-ге дейін елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сенбі, яғни дауыс беру күнінің алдындағы күні барлық үгіт-насихатқа тыйым салынады. 20 қараша, жексенбіде біз дауыс беруді ұйымдастыруымыз керек. Екі күн ішінде Орталық сайлау комиссиясы 20 аймақтан хаттамалар жинайды. Бір апта ішінде біз сайлау нәтижелерін анықтап, сайланған Президентті тіркейміз»,-деді Константин Петров.
Сондай-ақ, ол дауыс беру күні қалай өтетінін түсіндіріп берді.
«Жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беру өтеді. Сайлау учаскелері бір сағат бұрын ашылады. Дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылуы керек. Оны санау ұзақтығы 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бірден хаттама жасалады», - деп мәлім етті Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
Бұдан өзге, кеңес барысында Константин Петров пен ОСК мүшесі Сабила Мұстафина азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022