Сайлау – 2022
Сайлауда мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалады
- авторjambylinfo.kz
- 12 қараша, 2022
- 268
Сайлауда мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалады
Жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Біріншіден, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелері туралы мәліметтердің қолжетімділіктің интерактивті картасы порталына енгізілуін көздесін. Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына жәрдем көрсетсін, — деп атап өтті спикер.Әбдіровтың атап өтуінше, ҚР Контитуция туралы заңның нормаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруге арналған үй жайларға кедергісіз кіруіне жағдай жасау арқылы олардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі сайлау жұмыста комиссияларына жәрдемдесуге міндетті.
Сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй жайды, дауыс беруге арналған пункты жарақтандыруды да жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз ету керек. Олардың дауыс беруге қатысу құқығын іс-жүзінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жауапты болады, — деді Орталық сайлау төрағасы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022