Сайлау – 2022
Түркістан облысында 1800-ге жуық байқаушы даярланды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2022
- 211
Түркістан облысында 1800-ге жуық байқаушы даярланды
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев айтты.
«Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облысы филиалы сайлау үдерісіне қоғамдық байқау жүргізу мақсатында құрылды. Бұл - әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кіреді», - деді Бақытжан Шәкірұлы.
Спикердің сөзінше, сайлау уақытында ақпараттарды тиімді басқару және қағазбастылықты азайту мақсатында арнайы байқаушы блокноттары барлық байқаушыларға үлестірілген.
«Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облыстық филиалы 20 қараша күні өңірдегі 893 сайлау учаскесінде байқау жұмысын ұйымдастырады. Өкілдікте 17 координатор және әр сайлау учаскесінде екі азаматтан жалпы 1786 байқаушы бар. Бұл ретте, 90 мобильді байқаушы, заңгер және әлеуметтік желілерде сараптама жүргізетін еріктілер арқылы жұмыстар атқарады.
«Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз. Алдағы сайлау - әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға. Ол елiмiздiң көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды. Бiздiң басты мақсатымыз - бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялығының мүлтіксіз сақталуына атсалысу» , - деді Б.Әшірбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022