дүйсенбі, 30 желтоқсан, 2024 22:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүзден астам атыраулық Президент сайлауын тәуелсіз бақылайды

Жүзден астам атыраулық Президент сайлауын тәуелсіз бақылайды
ашық дереккөзі
Жүзден астам атыраулық Президент сайлауын тәуелсіз бақылайды

Кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауында атыраулық жүзден астам тәуелсіз бақылаушы саяси науқанның ашық әрі әділ өтуіне ат салысады, деп хабарлайды Атырау облысындағы Жамбылинфо тілшісі BAQ.KZ — ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Атырау-Ақпараттың» баспасөз клубында  мұнайлы аймақтың белсенді, ерікті жастары және қоғам белсенділерімен кездескен «HAQ» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы айтты. Аталған қор 20-қараша күні өтетін  кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет арқалап тұр. Тоғжан Қожалының айтуынша, мыңнан астам байқаушы еліміздің 8 қаласындағы сайлау учаскесінде саяси доданы бақылайды. Тәуелсіз бақылау —  демократиялық қоғам құру үшін керек.  Сайлауға тәуелсіз байқаушылар көптеп  қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 байқаушы болу керек.  Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар, сондықтан 20 мыңнан астам байқаушыны жұмылдыруымыз керек, — дейді Т.Қожалы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар