сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Отандық кәсіпкерлер 1 наурызға дейін арнаулы салық режимін таңдауы керек

Отандық кәсіпкерлер 1 наурызға дейін арнаулы салық режимін таңдауы керек
Фото - ашық дереккөз
Салық төлеушілер 1 наурызға дейін арнаулы салық режимін таңдауы қажет. Белгіленген мерзімде хабарлама жолдамаған кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу тәртібіне ауыстырылады. Ал арнаулы салық режимі  салықты аз төлеуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нурмаханбетов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Былтыр арнаулы салық режимінің 7 түрі болған. Биыл оның 5 түрі қысқарып, тағы 1 режим қосылды. Осылайша бүгінгі күні 3 арнаулы салық режимі енгізілді. 
Олар: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа қожалықтарына арналған режимдер.
 

- 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтпелі ережелерге сәйкес,  жаңа арнаулы салық режимдеріне көшу үшін, 01.01.2026-28.02.2026ж. аралығында АСР қолдану жөнінде Мемлекеттік кірістер органына хабарламаны табыс ету керек.  2025 жылы оңайлатылған декларация, тіркелген шегерім және бөлшек салық арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер үшін, егер хабарламаны 1 наурызға дейін бермеген жағдайда, ол кәсіпкерлер жалпыға бірдей тәртіппен есеп айырысуға мәжбүр болады, - дейді Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нурмаханбетов.

Үкімет таратқан ақпаратқа сәйкес, кәсіпкерлер нені білуге тиіс:
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Хабарламаны: 
Салық төлеушінің кабинеті (АЖ СӘИЖ жүйесінде «Құжаттарды тапсыру» — «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі).
«E-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы арқылы («Қызмет» — «ЖК салық салу режимін өзгерту» бөлімі).
Қағаз нұсқада орналасқан жері бойынша МКБ арқылы;
Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта бұл сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» — «ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған) беруге болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміне көшу
2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымшасы арқылы АСР қолданған салық төлеушілерді ЖК ретінде есептен автоматты түрде шығарады.
Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады, бұл ретте салық төлеушінің есептен шығу туралы өтінішті өз бетінше беру құқығы сақталады.
Егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсырып, өзге режимді таңдаған жағдайда, есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдана басталған күні ретінде «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чек қалыптастырылған күннен танылады.
Шаруа және фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін арнаулы салық режиміне көшу
Аталған режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар