сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 15:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді

Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қойылымдар 2026 жылғы 23–25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді, деп хабарлайды Jambyliinfo.kz 

Гастроль аясында театр сингапурлық көрерменге екі бағдарлама ұсынады. Атап айтсақ, «Классикалық балет жауһарлары» («Аққу көлі» (адажио), «Сильфида», «Дон Кихот» балетінен үзінді) және Альберто Алонсо қойып, музыкасын Родион Щедрин жазған бір актілі «Кармен-сюита» балеті.

Бұл қойылым – құмарлық, еркіндік пен тағдыр тақырыптарын терең ашатын әлемдік хореография өнеріндегі көркем туындылардың бірі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар