Жыл басынан бері Қазақстан банктерінің активтері 0,7%, кредиттік портфелі 2,4% өсті
- авторБақытжан Бекболат
- 28 мамыр, 2025
- 425

Активтер өсімі бойынша ForteBank сенімді түрде көш бастап тұр: бірден 9%-ға (370,1 млрд теңге) артып, жалпы активтері 4,5 трлн теңгеге жеткен. Бұл – саладағы рекордтық көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері активтер көлемін ұлғайтқан үздік үштікке сондай-ақ Отбасы банк (2%-ға немесе 83,9 млрд теңгеге өсім) және Halyk Bank (1,9%-ға немесе 338,2 млрд теңгеге өсім) кірді. Сонымен бірге, Bereke Bank те аз да болса өсім көрсетті – 0,1% немесе 1,5 млрд теңге.
Жалпы алғанда, жылдың ішінде 21 банк ішінде 11 ЕДБ активтерін ұлғайтқан. Қалған 10 қаржы ұйымының активтері азайған. Тіпті ең ірі ондықтың өзінде 6 банк активтер көлемін қысқартқан. Бұл жайында нақты мәліметтер төмендегі кестеде көрсетілген.
Сонымен қатар, жыл басынан бері банктердің кредиттік портфелі 2,4%-ға (немесе 846,4 млрд теңгеге) артып, рекордтық 36,7 трлн теңгеге жетті. 12 қаржы ұйымы кредит беру көлемін арттырған, оның ішінде үздік ондыққа кіретін 6 банк бар.
Кредиттік портфель өсімі бойынша да ForteBank алдыңғы орында: жыл басынан бері 18,1%-ға (немесе 344,4 млрд теңгеге) өсіп, 2,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл банк қарыз беру саясатына ұқыпты қарайды, кредит портфелі де теңгерімді. 90 күннен асып кеткен мерзімі өткен қарыздардың үлесі небәрі 3% көлемінде – бұл саладағы ең төменгі деңгейлердің бірі.
ForteBank нарықта ерекше ұсыныстарымен де танымал. Мәселен, кәсіпкерлерге арналған бизнеске арналған кредиттік картасы бар. Бұл карта арқылы қаражат шешіп алуға болады. Жеке кәсіпкерлерге арналған бұл карта 10 млн теңгеге дейінгі лимитті, 30 күндік жеңілдікті кезеңді, тегін шығару мен қызмет көрсетуді және ForteBusiness қосымшасы арқылы жедел онлайн рәсімдеуді ұсынады. Жалпы алғанда, ForteBank халыққа да (қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар үшін – ипотека, автонесиелеу), бизнестің ішінде шағын және орта кәсіпкерлікке де қаржы береді.
Жыл басынан бері кредиттік портфелі едәуір өскен банктер қатарында Freedom Bank (7,9%-ға немесе 62,8 млрд теңгеге өсім), Kaspi Bank (5,9%-ға немесе 356,2 млрд теңгеге өсім) және Банк ЦентрКредит (2%-ға немесе 80,1 млрд теңгеге өсім) де бар.
Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады
Ұқсас жаңалықтар
Былтыр елімізде ғылымға шамамен 219,7 млрд теңге бөлінген
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025