2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің реттелген меншікті капиталы 9,9 трлн теңгеге жетіп, бір ай ішінде 0,8%-ға немесе 79 млрд теңгеге артқан.
1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) жалпы активтері шамамен 62 трлн теңгеге жетті. Бұл – жыл басынан бері 0,7%-ға немесе 428,1 млрд теңгеге өсім.